Өлеңдер ✍️

  17.01.2022
  1827


Автор: Жібек Ысқақова

Әпкетайым, болшы аман!

Ұзатылып барасың,
Әпкетайым, болшы аман.
Жүзіңнен күлкі кетпесін,
Отауыңа қоншы аман.

Бізден ұшып барасың,
Қанат қағып жыраққа.
Қанаттарың талмасын,
Әпкетайым бірақта.

Жаңа отауың берік боп,
Тамырыңды терең жай.
Қол ұстасып жездеммен,
Жарқырасын күн мен ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу