Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.01.2022
139

Мен кеттім ескі алаңға
Мен кеттім ескі алаңға,
Ескі алаңда ескірген ресторан бар.
Сүйіктімді оралмас еске алам да,
Сыралатып қайтамын кеш таманда.
Еске алам да оралмас сүйіктімді,
Сүйіктімсіз өткен сан күйік күнді.
Сағынышты басатын, у да болсын,
Салқын, сары аламын құйып мұңды.
Кім біледі, қалармын сауығып бір,
Одан басқа ой болмай тәуір ұтқыр.
Жаным – жара сәл болсын сағыныштан
Арылсыншы, әйтпесе ауырып тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇