Өлеңдер ✍️
Отан
1
Менің мына қиялым құстай ғана,
Ұшып жүр-ау даланы, тысты айнала,
Отанымның тілеуін іштей, үнсіз
Үш қайтара тіледім,
Үш қайтара!
Дала, дала
Кеудесі дариядай
Жылу сақтап келеді
əр ұяда-ай!
Тауелсіздік дегенің ауылдағы, Тəубесінен қайтпаған қариядай.
Қазір барі басқаша, басқа б
əрі,
Құламайды құлдырап тас қамалы.
Қыздарымның арманы даладай кең,
Ұлдарымның арманы асқаралы!
Жусан басы теңселіп, ырғатылып,
Елітеді ,елтиді сырға тұнып.
Өшірейін жанымның жан жарасын,
Көшірейін барлығын жырға тұнық.
Енді менің қиялым құстай ғана,
Ұшып жүр-ау даланы, тысты айнала,
Отанымның тілеуін іштей, үнсіз
Үш қайтара тіледім,
Үш қайтара!
2
Сұлу сазың – керең қылмас,
Ұмыттырмас наланы.
Сүйген бе едім, өлеңге ұқсас,
Долана иісті даланы?
Сарыарқаның жыры сынды,
Сыры бекем ақ қурай.
Сыңсып тұрған тұрысыңды,
Сүйген бе едім тап бұлай!
Бір күн сенім, бір күн үміт,
Арман әнім – мұратым.
Ақ жусанды үлгі тұтып,
Өскен бе еді бір ақын?
Жапырағы аяды ма,
Жүрегімді ботадай.
Ақ қайыңның аяғына,
Құлай салдым оп-оңай.
Бәрі жақын, қымбат маған,
Ойым орман, санам қыр.
Терек – менің сымбатты ағам,
Қарындасым – қалампыр.
Сұлу сазды жидым да оңай,
Сала алмадым жат әнін.
Сені ессіз,
Сүйдім солай,
Менің, дала – Отаным!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter