file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  176


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Көзіңдегі бокал толы үзім шарап көзді арбап

Көзіңдегі бокал толы үзім шарап көзді арбап,
Тілімдегі тіл жетпейтін ең бір шәрбәт сөзді арнап,
Бар қиялы мекендеген мамырдағы гүл үстін,
Шырын сүйген мен де жомарт шайырымын Шығыстың.
Жаны жайсаң жазылмаған Румидің өлеңін,
Қызғалдаққа қонақтатып қолыңа әкеп беремін.
Меңің үшін сыйлар едім шайыр өсер Құлжаны,
Кешірерсің, маған біраз қиын, қалқа, бұл жағы.
Құралай қыз құралақан қалдырмаймын десе де,
Шабыт сыйлап, шарап құйып берсең егер кесеме,
Өтінішім, жалындырмай жалғыз мәрте қаласаң,
Ақымақ деп мазақтама, ай жарықта адассам.
Құдіретіне саған арнап Ерлан жазған ғазалдың,
Әлі талай “аһ” ұрады әлі жетпей ажалдың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу