file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  221


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Адал едік сезімдерге біз қандай

Адал едік сезімдерге біз қандай,
Көктем едік, сезілмейтін күз бардай.
Көзің айтып тұрушы еді керімім,
Сүю мүмкін еместігін қызғанбай.
Қызғанушы ек сені күннен, сені айдан,
Соның құрты өзегімді жеді, айнам.
Көл қорыған қызғыш құстай жүрекке,
Иілмеген бұл тағдырдан не қайран?!
Бірімізге біреуіміз білгізбей,
Жұлдыздар да санамаушы ек,
Гүл де үзбей...
Қонақтатпай жауған қардың ұшқынын,
Құлай еріп,
Күйіп-сүйді кім біздей?
Сендей жанды жолықтырған сыйы үшін,
Тәңіріме жылушы еді жиі ішім.
Ауаның да болмаушы еді керегі,
Қосылмаған сенің жұпар иісің.
Құдіретіңді жырыма әр бір қосып ем,
Неге адастық берген серттің көшінен?!
Сенсіз қалай таңым атып жүр, қалқа,
Шыныменен тірімін бе осы мен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу