file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  153


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Жолың болсын жарқыным

Жолың болсын жарқыным...
Бізді ұдайы,
Күреңітіп күтеді күз мұңайып.
Диуананың күйзелдім күйін кешіп,
Теңеу таппай ғаламнан сізге лайық.
Бағы күйкі тірліктен қажыған сәт,
Сен ояттың...
Тәп-тәтті нәзік ән сап.
Жыл құстарын асыға күттім биыл,
Өмір менен жүректің жазын аңсап.
Айтар шағым білсем де бұл емесін,
Жүрегім бар...
Мүмкін бе жүдемесім?!
Сәл мұңайған...
Гүлі бар құшағында,
Өзіңді іздеп вокзалда жүр елесім.
Сағыныштың соқтырған бал жұпарын,
Лебізіңмен емделіп нәр жұтамын.
Жо-жоқ, қалқа...
Сенімен кеттім бірге,
Қимай қарап шарасыз қалды тәнім!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу