Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  255


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЫСТЫҚ ЖҮРЕК, МӨЛДІР СЕЗІМ...

(Абайды оқыған соң)
Нұрлы ақыл, ыстық жүрек, мөлдір сезімБастаушы солар дейді жөн білсе кім.
Ал бұларсыз іс қылған құр айқаймен
Созар тек үзілгенше өндіршегін.
Бұл күнде болып жүрген баршаға жыр,
Нұрлы ақыл Абай айтқан қайда қазір!
Сөз қадірі жоғалып, қазақ десе
Көбейді үстірт ұғым, жаңсақ әзіл.
Өзгермейді-ау тіршілік үкімменен,
Құр сөзбен жоқ жыртығын бүтіндеген.
Тойдырады иінін жыртылса да,
Ыстық жүрек, мейір, нұр шүпілдеген.
Көндіріп өз ырқына тоңмойынды,
Жан сергітіп, сергітер сол бойыңды.
Ақыл, сезімді ұқпаса, депті Абай,
Түк те өнбес қанша қу жорға ойынды.
...Ей досым,
Есіңде ме сол бір кезің...
Селт етпес басқа қауіп төндірсе мың...
Ендеше сонда үстемдік құрып тұрған
Нұрлы ақыл,
Ыстық жүрек, мөлдір сезім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу