Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  123


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

АРУ

Табынбаған атына оның ер тегін,
Басталады содан ғажап ертегің.
Бабам қазақ қастерлеген қызды ерек,
Ару деген Ай мүсінді көркемін.
Кездессе де тағдырынан сан қысым,
Қайратымен сүйіндірсе тал мүсін.
Бабам қазақ көрсе көзі тоятын,
Ару деген ажарлы әрі арлысын.
Ойлылықпен тартымды ғой бет пішін,
Ақыл жоқта көз қуантпас еш мүсін.
Бабам қазақ ең алдымен қызының,
Ару деген көркіне сай естісін.
Ат қойыпты саған, құрбым, Ару деп,
Тұратындай содан әсем ән улеп.
Солай ғана тербе ылғи көңілді,
Ессін алдан ән-самалдай ару леп.
Дүниеден сан ару қыздар өтті, өтер,
Мынау халық: ондай қайда деп кетер.
Көрсет бізге болмысыңның қырларын,
Ару есім телінбейді тек бекер.
Тіршілікте өткен күннен қалуда із,
Біз де соған қосулармыз, алумыз.
Арамызда жүргеніне сендірші.
Бабам қазақ сыйлап кеткен ару қыз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу