file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  341


Автор: Жібек Ысқақова

15 сәуір ғашықтар күні

Ғашықтардың күні бұл құтты болсын,
Он бесінші сәуір бұл келіп жеткен.
Ғашықтарға тілеймін пәк сезімді,
Көп болсын деп күндерің бақытты еткен.

Қозы менен Баяндай сезім жансын,
Пәк сезімнің мәңгілік гүлі ашып.
Төлеген мен Жібектей сезімдерің,
Әр күн сайын жүрсін тек нұрын шашып.

Бір болыңдар ғашықтар, бір болыңдар,
Таңғы атар шуақты нұр болыңдар.
Бұл көктемде тамыр жайып ашатұғын,
Хош иісті жайқалған гүл болыңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу