Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.01.2022
105
Картина
Уақыт тоқтаған,
Жоқ оны ешкім де жоқтаған!
Үнсіздік орнаған тек қана.
Сәбиін иіскеп текті ана,
Сезімін білдірді.
Себебі тіл де жоқ ешкімде,
Жоқ тілді құлық жоқ естуге,
Дыбыссыз әлемде үнсіздік орнаған!
О, Ұлы үнсіздік,
Бұл неткен мінсіздік,
Жаныма жақын һәм тым ыстық,
Бұл неткен тыныштық?
Түстер бар сәулемен құбылған,
Сезім бар жанарға тығылған,
Ой да бар,
Айтылмай алқымда булыққан,
Аңғалдық тағы бар,
Жалыққан қулықтан!
Осының барлығы,
Уақыттан ұтылмай,
Сәттерге жұтылмай,
Тұр міне көзімнің алдында!
Жоқ жаным, тереңге бойлама!
Сурет қой жәй ғана!
Шақтарға бағынбас,
біз гүлдеп, солатын,
Картина болатын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter