file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  03.01.2022
  407


Автор: Ғибратты әңгімелер

Бәрі бірігіп сиырды әкетті

Бір кісінің сауын сиыры болған екен. Ол сүтке су қосып сатады екен. Бірде сел келіп,  сиырды ағызып әкетеді. Сонда балаларының бірі:


– Мынау біздің әр сүтке құйған суларымыз ғой. Бәрі бірігіп сиырды әкетті, – деген екен.


Әрине дұрыс айтқан. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сатушы мен алушы шындықты айтып, адалдық көрсетсе, онда екеуіне де берекелі болады. Ал ол екеуі жасырып, жалған сөйлесе, онда саудаларының берекесі алынады» деген.


Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу