Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.12.2021
176
Жаңа жыл шамы
Жаңа Жылдың түнінде
Шамын жақ та үміттің-
Жаман ойды түңілген
Жағып жібер, ұмыт қыл.
Ұмыт өкпе, мұңыңды,
Ымырт аяз ызғарын.
Сөкпе өткен күніңді,
Тарту еткен тұз, дәмін.
Күндеріңді ғайыптың
Бесігіне бөленген
Күміс әнге шайып бір
Есіңе ал өлеңмен.
Жаңа Жылдың түнінде
Джаздан болсын жыр – әнің.
Жақсылыққа тігілген
Маздай берсін шырағың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter