Өлеңдер ✍️

  13.12.2021
  163


Автор: Жанбай Өзденбаев

Көктем неге өкпелі?


Мына жылдың көктемі
Айтшы неге өкпелі?
Құшақ жайған кеудемнен
Өтіп кетті өкпегі.

Мұнар сәлде асудың
Мұрты сүңгі, ашулы;
Ала тонға басулы
Бәйшешектер шашуы.

Жамылғысы – мұздағы,
Көктем әлі ызғарлы.
Желбіреп бір шыға алмай
Мысы кетті қыздардың.

Мұңлықтардың сырласы,
Махаббаттың құрдасы
Қайың неге бас шайқап
Тақпай жатыр сырғасын?

Көктемеде қауышып,
Әнге бөлер тау ішін
Естілмейді достардың
Көптен бері дауысы.

Еске түссе өткенім,
Сезімдердің өткелі-
Жайма шуақ келетін
Бұрынғының көктемі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу