Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.12.2021
452
Мұңайма
Сен мұңайма, қуанайын мен дағы,
Сені сезім, мені көзің алдады.
Тек біз емес адастырған талайды,
Бұл тағдырдың айқыш-ұйқыш жолдары.
Өмір бізді жолықтырды, байытты,
Желіктірді, болдық бүгін байыпты.
Кінәлама өзіңді де мені де,
Біздің бұған жастығымыз айыпты.
Жүрегіңді шайлықтырып, жасқантып,
Алдың рас, демеймін күл, тас, шалқып.
Бірақтағы қала көрме қапыда,
Қарсы келген бақытыңнан бас тартып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter