file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.12.2021
  190


Автор: Ербол Бейілхан

***     ***     ***

Тотияйын көк аспан...
Тоты дүние түрленген.
Тотықұстай таранған,
Сыр аулаймыз гүлдерден.
Уақытты кертіп жеп,
Шер ішеміз күндерден.
Сол кеудені сыздатып,
Мұң құшамыз түндерден.

Жаңа туған орақ Ай,
Қабыл болсын сәлемім!
Толған айдай дидарлы,
Менің сүйген әдемім.
Сергелдеңге түсіріп,
Тартырып жүр әлегін.
Сырға толы күйсандық,
Мынау байтақ әлемім.

Бөкен желіс жылдарым,
Құлан жалды айларым.
Бұлан шабыс күндерден,
Құралай - жыр қалғаным.
Асыл сөзді қанат қып,
Сеңгір көкке самғадым.
Жеткізбейсің биіктеп,
Менің аппақ арманым!..

Қырдан асқан қиялым,
Ойдан асқан ойларым.
Сағынышқа шомылып,
Көз ілмеген таңдарым.
Көкейімде өксік боп,
Жаза алмаған жырларым.
Қайда зулап барасың,
Қайран, асау жылдарым!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу