03.12.2021
  712


Автор: Ғибратты әңгімелер

Бір адамды жақсы көрсең…

Риуаят етілуінше, Пайғамбарымыздың алдында отырған Абдулла ибн Омар оңы мен солына жалтақтап қарай береді. Пайғамбарымыз себебін сұрағанда:


– Мен осында бір кісіні жақсы көруші едім. Соны іздеп отырмын. Бірақ көре алмадым, – дейді. Сонда пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):


– Егер бір адамды жақсы көрсең, оның атын, әкесінің атын және үйін сұрап ал. Егер ауырса, көңілін сұрайсың, шаруасы болса, көмектесесің, – дейді. Осы хадистің басқа нұсқаларында «атасының атын және руын сұра» деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу