file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  419


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ҚОШҚАР БОЛУ ЖАЛЫҚТЫРДЫ

Адамдығым қайда менің?
Нәпсім жеңіп буындырдың.
О, құдірет, желігімді ал,
Менмендіктен суындырғын.
...Сергек қарап селк етпеймін,
Көз үйреніп етім өлген.
Ақ саулыққа айналдыршы,
Қозысына мекіренген!..



Дәулетбек Байтұрсынұлы,
«Нәпсіге ерген тоқтықтан,
сабырға ерген аш артық».
«Үркер», №8, 2011.



О, құдірет, хайуан қылшы,
Адамдықтан «етім өлген»,
«Ақ саулыққа айналдыршы,
Қозысына мекіренген».
Бір азаптан құтыла алмай,
Жүрміз жамап бір азапты.
Қошқар болу жалықтырды,
Саулық болған жүдә жақсы.
Емізейін қозымды мен,
Иіп денем мекіреніп.
...Не жазсам да өзім білем,
Кетті ме әлде етім өліп?...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу