Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.11.2021
574
ҚАҺАРМАН ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ!!!
Қақап тұрған қанға қарсы ұмтылған,
Қайран қазақ Қасым сынды ұл туған.
Қайсар жүрек қаһарман ер таптырған,
Қасиетті айналайын жұртымнан.
Алқымынан алып жауды орыған,
Аңдып басып ту сыртынан торыған.
Арыстандай ақырғаны жер жарып,
Алысқандар кеткен өліп қолынан.
Сыры бөлек сырттан мінез сабазым,
Сыр алдырмай сырттай жауды сабадың.
Сүйсінгеннен мың айналсам болмайма?
Сендей ерді туыпты ғой қазағым.
Ынтымағы ыдырамас халқымнан,
Ырыс-құттың кезі жоқ еді сарқылған.
Ықыласы, Жұмағали Саинның,
Ынтызар боп іздеп барған артыңнан.
Мақтанышым менің ағам марқасқам,
Мен-мен деуді білмей кеткен алдаспан.
Мақтанатын бірде-бір іс тындырмай,
Мына өмірде жүрміз әйтеу алжасқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter