Туындылар ✍️
ЖАСТЫ ДƏУІРГЕ БӨЛУ
Қазақ халқы қоғамдық қарым-қатынас пен барыс-келіс, алыс- берісте, əсіресе ұрпақтарға берілетін тəрбиенің өнімді, дұрыс жүр- гізілуі үшін адам жасын мынадай бірнеше дəуір мен шақтарға бөл-
ген. Онда адам жасын 100 жылға шамалап, оны төрт дəуірге бөледі де, алғашқы 25 жасты «жас дəурен», екінші 25 жасты «жігіт ағасы», үшінші 25 жасты «аталық», төртінші 25 жасты «қарттық» деп атаған. Сонымен бірге, жоғарыдағы төрт дəуірді онан ары жінтіктеп: ұл ба- ланы 1 жастан 2 жасқа дейін «бөбек», 3 жастан 5 жасқа дейін «бал-
дырған», балақай, 6 жастан 7 жасқа дейін «өспірім», 20 жастан 30 жас аралығындағыларды «жас жігіт», 30 жастан 40 жасқа дейінгілерді
«дүр жігіт», 40 жастан 50 жасқа дейінгілерді «ер түлегі», 50 жастан 60 жасқа дейінгілерді «жігіт ағасы», 60 жастан 70 жасқа дейінгілерді «ел ағасы», қарасақал, 70 жастан 80 жасқа дейінгілер «ақсақал», 80 жастан асқандарды түгел «қарт» (қария, шал) деп атаған.
Жасты дəуірге бөлуде əйелдердің жасын да əртүрлі жіктеген. Мы- салы: қыз балаларды 1 жастан 2 жасқа дейін «бөпе», 2 жастан 7 жас- қа дейін «бүлдіршін» деп атаған. Əйелдер некеленген соң, 40 жасқа дейінгілерді «келіншек» (үйленбесе «қыз»), 40 жастан 50 жасқа дейін- гілерді «саркідір», 50 жастан 60 жасқа дейінгілерді «сары тіс», 60 жас- тан 70 жасқа дейінгілерді «ақсамай», 70 жастан асқандарды «кемпір» деп аталған.
Жасқа бөлу адамдардың жасы, жынысына қарай өз жауапкершілік- терін сезінуіне, қоғам алдындағы қарыз-парыздарын əділдікпен атқа- рып, кейінгі ұрпақтарға үлгі, өнеге болу танымын жоғарылатады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter