file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.11.2021
  1120


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

Қыз ұзатқанда

Не айтайын халайық, сендерге мен,
жан бар ма бұл қызықты жөн көрмеген.
Береді ана қолынан балапанын
он ұлына өзгенің теңгермеген.
Тұрса-дағы қимастық халіңді ұғып,
ақ көйлекті киер ол малындырып.
Жас мөлдірей көзінде күлер ана,
өмір заңы еріксіз бағындырып
Сезсе-дағы жаныңның ауырғанын,
қимаса да ата-ана, бауырларын,
өз еркімен аттар жат босағадан,
өзі қалап тірліктің ауырлауын,
Жігер құйып бойына жүрек күші,
өзге аулаға келеді гүл еккісі.
Өзге үйдің айналып шырағына,
өзге үйдің болды енді ол тілекшісі.
Не айтайын, халайық, сендерге мен,
қыз бар ма ер жігітке сөз бермеген.
Ата-ананың болса да жалғыз гүлі,
еш ұлына өзгенің теңгермеген.
Өмірдің өз заңы бұл өзгермеген,
не айтайын, халайық, сендерге мен.
Келін болсын деп енді тілейік біз
келініне ешкімнің теңгермеген...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу