Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  4057


Автор: Фариза Амангелдіқызы

АНАҒА АРНАУ!

(Тапсырыспен)

Жаным анам!
Болыңызшы әрқашан бағыма аман.
Жарық дүние сыйлаған ұл-қызына,
Сізден артық бар ма екен жақын адам!

Асыл анам!
Кеудесінде менмендік тасымаған.
Қарапайым кең пейіл мінезіңмен,
Отбасыңда айналдың ғасыр адам!

Дана анам!
Өмірде бар ма сендей дара адам.
Ақ сүт беріп өсірген еңбегіңді,
Ұл-қызыңның бірімін бағалаған!

Аяулы анам!
Перзент үшін ешнәрсе аямаған.
Басымды иіп алғысымды білдіремін,
Мені өмірге әкелген аяулы адам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу