Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  561


Автор: Фариза Амангелдіқызы

ТАНЫСТЫРУ (Сайысқа)


Аман ба, ұлы дала қазақ елім.
Алдымен саулық сұрар қазақ едім.
Сайыстың мінбесіне шығып тұрып
Әділқазы, әріптес сәлем бердім.

Сәлем бердік өлеңдетіп ұйқастырып,
Ақындарша әр сөзді ұйқас қылып.
Бірлестіктің атынан келіп тұрмыз
География-тарихты ұштастырып.

Пандемия салқын самал соқтырғанда,
Бүкіл әлем бұл індетті жұқтырғанда.
Сайсымыз түк емес, мына бүгін
Білім беру қашықтан боп тұрғанда.

Біз бірақ барлығын да түсінгейміз,
Уақытша екендігін түсін дейміз.
Тіршілікті жалғаймыз онлайн боп
Сайыстың да дәрежесін түсірмейміз.

Қазақ елі бар күшіңді бойға жина,
Бұл індетті жеңіп шығу өз қолыңда.
Себебі ұлы елде онлайн боп
Ұлы ақынның мерей тойы тойлануда.

Сайыстың шарты осы - біз екеуміз.
Біліммен бақшамызды гүл етеміз.
... мен ... әріптес боп
Бүгінгі жеңіс үшін күресеміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу