Өлеңдер ✍️
ХӘКІМ АБАЙҒА АРНАУ!
Қара өлеңмен бір туып жаратылған,
Сен біз үшін асқақсың, дара тұлғаң.
Қара сөзбен қамшылап қазағыңды
Желдей ескен өлеңің қанатыңнан.
Сен биіксің, әлемнің аспанында,
Ғасыр өтіп кетіпті-ау қас-қағымда.
Ойып тұрып жазылған әр өлеңің,
Жерде жатқан Жер ананың тастарында.
Жырларыңмен өрнектеп қазақ елін,
Өлеңіңнен жан баласы табар емін.
Бес нәрсеге асық бол деп үйреткен,
Ұлы тұлға сен неткен ғажап едің!
Қара өлеңді ұқпаса жабығардай,
Қара сөзбен ұқтырдың қапы-қалмай.
Әсем әнің ырғалып Желсіз түнде,
Сәуле шаштың еліңе Жарық айдай.
Қатал заман құрсауын кешкен едің,
Шығармайды ешқашан естен елің.
Білім-ғылым ордасына мына мен де,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Жүрегіммен өлеңді жағаладым,
Бес нәрседен қашық боп, қаламадым.
Гүлзарына өмірдің кірпіш болып,
Кетігін тауып тұрып қаланамын!
Адамзат бар күшіңді бойға жина,
Білімді қазып алу - өз қолыңда.
Қазағым құттықтаймын бүгін міне,
Ұлы ақынның мерей тойы тойлануда!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter