file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  22.11.2021
  11240


Автор: Фариза Амангелдіқызы

ҚОШ КЕЛДІҢ 30-ЖАС!!!


Өмір өтіп барады зулап ағып,
Жастық шақтың жалынын ұрлап алып.
Егде тартқан байсалды болашағым
Есігімнен қарайды сығаланып.

Алай-дүлей ішім тұр жалын мұңдап,
Ертеңіме бүгінім қолын бұлғап.
Қайта айналып келмейтін көктемедей
18-ді 30-ым бағындырмақ.

Өкініш жоқ. Дей алман аласардым,
Отызымда төрт рет ана атандым.
Осы жолды айнымай таңдар едім,
Мейлі өткенге айналып тағы апарғын.

Белгілі ғой енді менің жасармасым,
Көңілімнің білемін тасынбасын.
Етегімнен тартқылап бой бермеген,
Ал қош келдің құтты боп 30 жасым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу