Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2021
152
Озбыр
Кейбір жанға өкпелету ұнайды,
Сені жаншып өз бағасын құрайды.
Санасыздар біле тұрып халіңды,
Әдейілеп сабырыңды сынайды.
Қылығына төзім етсең кең септік,
Қапалықтан көтерілмес еңсең тік.
Әңгір таяқ ойнатады басыңа,
Тауқіметтің түрлі кейпін көрсетіп.
Қоғамда көп қайырымсыз озбырлар,
Сыйлай қалсаң төзіміңді тоздырар.
Қамқорлығы оянбаған сараңға,
Қамқор болсаң ақылыңнан аздырар.
Кейбір қу бар озбырлығын жасырған,
Жасандылық жасап сипар басыңнан.
Күншуақта күле қарар "күнім" деп,
Күрең шақта табылмайды қасыңнан.
Бар адамдар жаны ашымас қатал тым,
Олар үшін жұмсақ болсаң - осалсың.
Жетесіздің тәлкегіне шыдасаң,
Қайғы үстіне, мың бір қайғы қосарсың..
Жанар Ешназар
8/11/2021
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter