Өлеңдер ✍️

  18.11.2021
  314


Автор: Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы

Сақау қыз

Жамағат Жүсіпбектен сөз тыңдаңыз,


Атымды ауыстырып бір бурмаңыз.


Кешегі Аблайханның заманында ,


Өтіпті өнерпаз боп бір сақау қыз.


 


Әкесін зарлататын перзент ісі,


Ұйқысында қыз перзент көрген түсі.


Құдайым қызда болса бергені деп,


Қайырылмай кете берді барлық ісі.


 


Құдайым қалың даулет берген екен,


Бейзарлық перзент үшін көрген екен.


Көріпті қызда болса жалғыз бала,


Сол шақта жетпіс жасқа келген екен.


 


Туған соң қызда болса қылды тойды,


Тойына елу жылқы жүз қой сойды.


Жыйылған қожа- молда ақсақалдар,


Сол жерде Жанипа деп атын қойды.


 


Ол байдың баласы жоқ одан басқа,


Қол қойды жұрт қыз деп оны атамасқа


Сол елде оқып жүрген балалар бар,


Оқуға берді қызды жеті жаста.


 


Төрт жыл оқып Жанипә болды зерек,


Өнері Жанипәның жаннан бөлек.


Әнші-күйші өлеңшінің бәрін жинап,


Сауық қыл біразырақ жүрсе керек.


 


Ұстады қыран бүркіт жүйрік тазы,


Адамның қызда болса өнерпазы.


Сүйенер еш адам болмаған соң;


Жылқыдан қалмайды екен қысы-жазы


 


Құлынға туған жерден қарайды екен,


Үкі тағып жал құйрығын тарайды екен.


Кеңілге алған құлынға үкі тағып,


Болар деп мынау жүйрік сынайды екен.


 


Бір күні түрегелді елден бұрын,


Білдірмес өш адамға ішкі сырын,


Жылқысын ертө келіп араласа,


Бір биеден туыпты бір кер құлын,


 


Көлді де кер құлынды сынап көрді,


Байламай осы жылы қоя берді.


Сүйегін осы бастан түзеймін деп,


Жеміне сұлы, сусынына сүтті берді.


 


Тай шықты келер жылы Қаракері,


Жылқының осы күнгі шын дүлділі.


Байқаса тіпті қинап болғандай,


Жүз жылқы елу жамбы жеке құны.


 


Бәйгесін қашан мұның аламын деп,


Жүрегі сақау қыздың қуаныш етті.


Келер жылы Қаракері дөнен шығып,


Жуан бақай бөкен сан түрі мықты


 


Жаратып қашан бәйге аламын деп,


Сақау қыз алпарысып тыншы кетті.


Дөненнен баптауменен бесті шықты,


Үйретіп ешбір адам мінбей тіпті.


 


Сетер қып бестісін де қоя беріл,


Кепгенде алты жасқа үйретіпті.


Үйретті қара керді жаздай баптал ,


Сыртынан көрген адам жүрді мақтап.


 


Бір үлкен осы жылы бәйге болып ,


Қаракерді қосты апарып соған сақтап.


Бәйгеге қосамын деп атақты атты,


Үш жүз елден жүргізіпті не саңлақты.


 


Сол асқа елу дуан ел жиылып,


Барлық ел жүйріктерін алшақтатты.


Үш жүзден үш аттың түрін керіп,


Қаракер қайтеді деп сынап бақты.


 


Кімдердің бағы ашылып тұр екен деп,


Қонаға айдатыпты үш жүз атты.


Шандақ басып көрінбей жалпақ дала,


Қаракер келіп жетті жалғыз қара.


 


Үш жүзден озып кепті қара кері,


Бүл атқа ие болған бір қыз бала.


Жүз жылқы,елу жамбы бәйгені алып,


Жәнипа бір той қылды бара салып


 


Онан соң ала берді алдын бермей,


Ат шапса тұралмайды оған келмей .


Бірінші боп келе берді әр шабыста,


Алады қанша шапса сонша терлей.


 


Арымас шапса жүйрік аттын берігі,


Шын түлпар сұлулығы артық көркі.


Егесте үш бәйгіні бір күнде алған,


Бәйге алу Қаракердің өзінде еркі.


 


Бұдан жүйрік заманында артылмаған,


Шапқанда тұяқтан от жарқылдаған.


Ерен жүйрік құсілер не саңлақтар,


Артында шідерлі аттай салпылдаған.


 


Атағы қаракердің жерді жарған,


Сыр өзен, Балқаш, Орал, Омбы барған.


Осыменен жиырма бес жасқа келді,


Қырық жеті бірін бермей бәйгіні алған.


 


Еш бәйгі шаңынада ілесе алмас,


Жуық келер маңына атта болмас


Қаракер қайда барса шу шығарып,


Бәйгі алып он тоғыз жыл болды жолдас


 


Келді кезі Қаракерге қатер төніп»


Бір тобығы мертікті қасқыр қуып.


Еті арық аяғы ақсақ Қаракерден,


Қыздың да жүреді екен көнлі суып.


 


Жазында болмақ екен бір үлкен ас,


Жаратса да Қаракерге көнлі ұнамас.


Болма әуре деп боз балалар мазақтайды


Мына күймен қабаттасқан кәрілік рас.


 


Қоспа деп боз балалар мазақ қылар,


Болдырып кәрі немең жолда қалар.


Жиырма беске келді бітті құны ,


Баяғы заманы жоқ алдын алар.


 


Сөйтсе де тастамады қаракерді


Сақау қыз ашуланып кала берді.


«Бұйрса тағы бәйгі аламын» деп,


Бұл асқа ел жиылған бара берді,


 


Жиылған неше дуан елді көріп,


Ат екен үш жүз елу бәрі келді.


«Қаракер осы жолы таба қылма»,


Деп сақау қызда зарлап сөйлей берді.


 


Қайекей езің кәйі, етің айық,


Мағанда қылма ұят кейін қайып .


Келмесең осы жолы кәйі шикін *


Соғымда етің жеймін сойып айып


 


Би күндейі шабушең жанасаяп,


Жаным тойып қызығыңа тамашаяп .


Қып туйғой мына хайық мені мазақ ,


Мазақтан айып шықшы ая шаяп.


 


Келмешең ошы жолы Абылайлап,


Соғымға сойыласын сойың қайнап.


Кигені Жанипаның түйкі бөйік,


Мазақ болма Қайекей өзінде ейік.


 


Кеймесең осы жойы кәйі шикін,


Жанипа құсайынып кетеді өйіп.


Соны айтып алып барды езін айдап,


Кешегі Абылайдың туын байлап.


 


Жіберді және қосып дүрілдетіп,


Тұрады қыздыңдағы есі кетіп.


Тобығы жоқ, аяғы ақсақ, өзі кәрі,


Бір жерде өлме деп ажал жетіп.


 


Көніліне сақау қыздың түсті жара,


Шанға толды тағы да жалпақ дала.


Төбеде дүрбі салып қарап тұрса,


Көрінеді көз ұшында жалғыз қара.


 


Жөнелді жұрттың бәрі атын айдап,


Бас бәйгіге үш жүз жылқы қойған байлап


Қалайда бұйырса алдын аламын деп


Қызда тұр қарашада күліп ойнап.


 


Көрінді ертесі түс аттың шаңы ,


Қыз шапты көре сала Абылайлап.


Абылай, Абылай, Абылай деп,


Ия құдай, ия кұдай, ия құдай деп


Бір төбеге борбайлап шыға келді


 


Бір демде жоқ боп шықты бұл қаракер


Елеңдейт Қаракер деп бір талай ел,


Сөйтсе де қыз атынан үміті бар.


Көмбеген қалаған еді бір талай жер,


 


Сол кезде бір торы ала ат өтті тағы


Жығылды мұны керіп қыздың сағы,


Және де бір қара көк өтіп кетті.


Бәйгіден аты келсе ердің бағы,


 


Сақау қыз тұра қалды көзі алақтап


Боз баламен атының жолын сақтап,


Екі ат өтіп үшінші ат болған шақта.


Қаракері келе жатыр сабалақтап,


 


Атты көріп сақау қыздың айтқаны:


 


Келдің бе аман есен қайекейім ,


Алынбады ең болмаса ашты тейің


Алдында сен буйін екі ат кетті,


Көнбеге қалған екен он шақим.


 


Сақау қыз Абылай деп ұран салды,


Қаракері бұрынғысын бастайды енді.


Кешегі тоғыздағы жасындай боп,


Бір бірден алдынғы атты тастайды енді.


 


Бірінші боп Қаракері кеп жығылды енді,


Бәйгіні тамам халық ұғынды енді.


Қаракер құлап жатқан сол жеріне,


Қызда келіп асыға бұрылды енді.


 


Көрген соң Қаракердің шын өлгенін ,


Зар еңіреп қыз жылауымен кейді енді.


«Қайекей туғанынды кейіп едім,


Болайынды жойын сынап бейіп едім.


 


Қай жейіңде бәйгі бойса бәйін айып,


Бәйінен кегінді айып бейп едің.


Айданып қызығына қаракейім,


Бей таяй жасқа өзімде кейіп едім.


 


Туған туыс ағайын бауйлайдан,


Тәйінен жақсы көей сейігім едің».


Осылай деп қыз жылайды түсе қалып,


Ет асым жатып қалған естен танып.


Аты үшін Жанипа қыз жылағанда,


Қайран қалып қарап тұрды қалың халық.


 


Қайекейім мені қайтып көзің қиды,


Деп жылап бір заманда есін жиды.


Бәйгісін осы жолы үлестіріп ,


Көзінің тоқтау қылып жасын тиды.


Өз елі үлкен-кіші барлығына,


Бұл реткі алынған берді сыйды.


 


Басына Қаракердің әлем байлап,


Жақсы жасап бір үлкен күмбез қылды .


Енді мазақ боз балаға болмайын деп,


Қырық бес жасқа келіп байға тиды.


 


Жүсіпбекқожа қолжабасынан алып дайындаған Сейт Омар Саттарұлы


Сарыағаш қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу