Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.11.2021
264
Бір белгі
Балалық шақтан салғанмен аулақ іргеңді,
Балалық шақтан қалуға тиіс бір белгі.
Алғашқы қиял,
Алғашқы арман,
Тәтті үміт,
Солардың бәрін балалық бермей, кім берді?!
Алғашқы түйсік,
Алғашқы ағат түсінік,
Алғашқы ізет – кішкентай ғана кісілік.
Солардың бәрі алақанымен көтеріп,
Азамат етіп жіберген жоқ па ұшырып?
Сүрініп алғаш, жығылмау керек соны ұқтың,
Жарыла жүрек қуандың дағы, қорықтың.
Алғашқы мұңмен – жалғыздықпенен жолықтың,
Зеріктің алғаш, жабықтың бәлкім, жалықтың.
Алғашқы бәрі.
Барлығы тұңғыш, бастапқы,
Үйрендік алғаш ымдасу, әзіл-оспақты.
Кейбіреу күллі адалдығының барлығын
Балалық шақтың босағасына тастапты.
Ал одан әрі басталды үлкен ұлы өмір,
Азамат бол да, сол өмірді еркін сүре біл.
Балалық шақтан бір белгі қалмай жүрмесін,
Бойыңда түбі,
Жүре де жүре, жүре бір....
Балалық шақтан қалуға тиіс бір белгі.
Алғашқы қиял,
Алғашқы арман,
Тәтті үміт,
Солардың бәрін балалық бермей, кім берді?!
Алғашқы түйсік,
Алғашқы ағат түсінік,
Алғашқы ізет – кішкентай ғана кісілік.
Солардың бәрі алақанымен көтеріп,
Азамат етіп жіберген жоқ па ұшырып?
Сүрініп алғаш, жығылмау керек соны ұқтың,
Жарыла жүрек қуандың дағы, қорықтың.
Алғашқы мұңмен – жалғыздықпенен жолықтың,
Зеріктің алғаш, жабықтың бәлкім, жалықтың.
Алғашқы бәрі.
Барлығы тұңғыш, бастапқы,
Үйрендік алғаш ымдасу, әзіл-оспақты.
Кейбіреу күллі адалдығының барлығын
Балалық шақтың босағасына тастапты.
Ал одан әрі басталды үлкен ұлы өмір,
Азамат бол да, сол өмірді еркін сүре біл.
Балалық шақтан бір белгі қалмай жүрмесін,
Бойыңда түбі,
Жүре де жүре, жүре бір....
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы белгі балалық шақ тәтті үміт
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter