Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.11.2021
210
Болса да алыс арамыз
Мейлі болса да алыс арамыз,
Өткенге бұрылып қараймыз.
Жаныңды жегідей жесе де,
Бәрін де ұмытып барамыз.
Ортада жүр елшіміз,
Көңіл қалдырып қалай кетеміз?
Тілегіміз бір болған соң,
Көзді жұмып, кешіреміз.
Болсада ортамызда салқындық,
Жасамайық бір-бірімізге сатқындық.
Амандығын тілейік сол бір жанның,
Үлкендерден көрмесін жамандық.
Біз жасаймыз аураны,
Қадағалайық екі жақты.
Талай қуанышты бөлісіп,
Аралайық жадырап жан-жақты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter