Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.11.2021
245
Аяз шытынап, ақ қырау дірілдеген
Аяз шытынап, ақ қырау дірілдеген,
Ай сәулесі шаңытып білінбеген.
Арқаның айлы жарық түнінде мен
Ат шанаға мініп ап жол шығушы ем,
Жүректегі алысып дүбірменен.
Сықыр-сықыр сары аяз сықырлайтын,
Ай сәулесі сіңбейтін, жұтылмайтын.
Сылаң қағып, сынап ап сылқылдайтын,
Қарымынан тұяқтың құтылмайтын.
Көсем жорға делбені қақтырмай-ақ,
Делебені сезгенде қылпылдайтын.
Сан мың жұлдыз сәулесі таматұғын,
Дала – мұхит тұтасып жанатұғын.
Пердесіндей періште қанатының
Қабағыма ақ қырау қонатұғын...
Аңыздарда айтатын «қадыр түні»,
«Қадыр түні» осы түн болатұғын!
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Аяз Ызғар ақ қырау арқа Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter