Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.11.2021
184
Былтырғы ағаш қайтадан биыл көгерді
Былтырғы ағаш қайтадан биыл көгерді,
Жапырағы көктеп, бұтағы түгел теңелді.
Айналасында көбелек қаптай жөнелді,
Жаратылыс-ай, көрмедім сендей шеберді?!
Менің де биыл былтырғы жарам жазылды,
Жүзімнен сынық сейілттім мұңды, әжімді.
Келістіруі-ай кешегі менен қазірді,
Жаратылыс-ай, көрмедім сендей уәжімді?!
Адам мен ағаш сонда да бірақ бір емес,
Адамның көңілі көктеген ағаш бүрі емес.
Жазылған жара, қайдан білесің, сол шығар,
Бақыт дегенің, бақыт дегенің мұң емес.
Кеңшілік Мырзабеков былтыр ағаш биыл адам Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter