Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
09.11.2021
1061

Ой салар оқиға
Бірде әкесі үйіне қонақ шақырғысы келіп баласына:
Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) "Тамағыңды ізгілер жесін"- деген.
Сондықтан мешітке барып, намазға жиналған тақуа кісілерді шақырып кел деп жібереді. Бала барып 3-4 адамды ғана шақырып келеді.
-Әкесі «Неге барлығын шақырып келмедің?» - дейді. - Сонда, бала: «Намаз оқуға келгендер осылар ғана» - деп жауап қатады.
- Неге, намазға адамдар бұдан әлдеқайда көп жиналған жоқ па?» - дейді әкесі.
- Сөйтсе, бала мешіттен шыққандардың бәрінен «фатихадан кейін қандай сүре оқыдыңыздар?» - деп сұрап шыққан екен.
Оны осы 3-4 адамнан басқа ешкім есіне түсіре алмапты. Қалған адамдардың барлығы Алла алдында емес басқа ойда тұрған болса керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇