file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  07.11.2021
  695


Автор: Ғибратты әңгімелер

Сөзіңнен тайма!

Риуаят етілуінше, Абдулла ибн Марузи Әбу Әли Рибатимен сапарлас болады. Ол Әбу Әлиге:


– Екеуміздің біріміз басшы болуымыз шарт, – дейді. Әбу Әли:


– Сіз болыңыз, – дейді.


– Ендеше маған бағынасың, – деп, оған Абдулла келіседі.


Жол бойы Абдулла өзінің және Әбу Әлидің жүгін арқалаумен болады. Бір түні жаңбыр жауады. Абдулла жолдасының бас жағына тұрып алып, қолындағы матамен оны көлегейлеп тұрады. Әбу Әли оған:


– Қойыңыз, керегі жоқ, – деген сайын Абдулла оған:


– Басшылықты маған өзің берген жоқ па едің? Менің ісімді талқылама! Сөзіңнен тайма! – деп қайтарып тастай береді. Әбу Әли «Өлсем де «сен басшысың деп айтпағанымда ғой» деп өкінген екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу