07.11.2021
  152


Қайырлы күн!

Асханада жұмыс істеймін. Бүгін таңертең бір азамат келді. Кассадағы кезегі жеткен соң «Менің артымда тұрған қыздың кофесін мен төлеп кетейін. Менен оған «Қайырлы күн!» тілей салыңызшы» деді. Ол кеткен соң қыз оның қылығына таң қалды. Көп ойланбастан өзінен кейін тұрған адамға ол да солай жасады. Осылай бес адам бірінен соң бірінің кофесін төледі! Жақсы күн болды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу