04.11.2021
5043
Әріптесіме туған күнге тілек
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, кіршіксіз көңілден шыққан ізгі тілектерімізді жолдаймыз!
Ұжымда адал еңбеккер, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды ана, асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз. Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық – қуаныш арылмасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter