file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  04.11.2021
  524


Автор: Ғибратты әңгімелер

Алла өз қамқорлығына алады

Әбу Хурайра жеткізкен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді:


«Шөлдегі бір адам бұлттың арасынан: «Пәленшенің бағын суар» деген бір дауыс естиді. Осы дауыстан кейін бұлт бір жаққа қарай бағыт ала бастады. Тастақ жерге жауған жаңбырдың барлығы бір жыраға құйылып, аға берді.


Бұлттың арасынан шыққан дауысты естіген адам судың соңынан ерді. Соңында осы сумен бағын суғарып жатқан адамға жолығады. Одан «атың кім?» деп сұрайды. Оның аты бұлттан естіген атпен бірдей болып шықты.


Бағбан «менің атымды неге сұрадың?» дейді таңырқап. Әлгі кісі: «Мен осы су келген бұлттың арасынан «пәленшенің бауын суғар»  деген дауыс естідім. Ол сенің атың еді. Сенің бақшаңды суғаруға бұлтқа бұйрық берілетіндей сен бұл бақшада не істейсің?»  деді таңырқап.



 


Сонда  бағбан: «Мен бұл бақшадан қанша өнім шыққанын есептеймін. Оны үшке бөліп, үште бірін дереу Алла жолына садақа етемін; үште бірін өзім бала-шағаммен бірге азық етемін. Қалған үште бірін бақшаның қажеттілігі үшін жұмсаймын», – дейді. (Муслим).




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу