Әңгімелер ✍️
Садақаны сауыңда бер!
Әбу Хурайра (р.а.): Бір адам: «Уа Алланың елшісі, сауап тұрғысынан қай садақа абзалырақ?» – деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Денемнің сауында мал тапсам, байысам деп талпынып жүргеніңде, кедейліктен қорқатын кезіңде берген садақаң абзал. Жаның алқымға келгенге (өлім таяғанға) дейін садақа беруді тастама. Ол кезде (жан алқымға келгенде): «Мынанша ақша пәленшеге, ананша ақша түгеншеге» дейсің. Алайда мал-мүлкің пәленшеге (мирасқорыңа) өтіп те қойған болады».
Әбу Хурайра (р.а.) жеткізген тағы бір хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Адам баласы өлгеннен кейін оның істерінің сауабы тоқтатылады. Тек қана үш нәрсенің сауабы ғана өлімнен кейін де жалғаса береді. Біріншісі – үздіксіз пайдаланылатын садақа (мешіт, көпір, су көздері сияқты); екіншісі – өзгелер пайдасын көретін ғылым қалдырса, үшіншісі – өлгеннен кейін артынан дұға жасайтын бала». (Муслим, Әбу Дәуіт)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter