03.11.2021
  461


Автор: Ғибратты әңгімелер

Қонаққа қызмет ету – сауапты іс

Имам Шафиғи алғаш қонаққа келгенде, Имам Мәлик оның қолына су құйып: «Менің бұл ісіме таңданбай-ақ қой. Қонаққа қызмет ету – парыз» деген.


* * *


Хорасан ғұламалары үйіне келген достарына барлығы жабылып тауыса алмайтындай көп тамақ әкеліп: «Бізге Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Егер достар бір тамақтан жесе, сонымен қатар олардан артылғанын жеген кісі есепке тартылмайды» деген хадисі жетті. Сондықтан артылып жатса, есебі сұралмайтын тамақтан жеу үшін сіздерге молынан ұсынуды қалаймын» дейді екен.


* * *


Сахабалар (Алла ол кісілерден разы болсын): «Ас ішуге жиналу – көркем мінезділік» дейді екен. Сахабалар құран оқу үшін бас қосатын да, дәмнен ауыз тимейінше тарқамайтын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу