file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  03.11.2021
  677


Автор: Ғибратты әңгімелер

Ысырапқа жатпайды

Ибрахим ибн Әдһәм бірде дастарқанын мол етіп жасатады. Сонда Суфиян тұрып:


– Уа Әбу Ысқақ, мынауың ысырапшылық деп қорықпайсың ба?- дейді.


– Қонаққа қойылған тамақ ысырапқа жатпайды, – деп жауап береді ол.


Маған серік болыңыздар


Сахабалар дәуірінде мырза кісілердің бірі дастарқан жайып, қонақтардың алдына тамақ түрлерінің барлығын қойып, олар әбден жеп алғанша тамаққа араласпайды екен.


Қонақтар тамағын жеп болып қалды-ау деген кезде үй иесі дастарқанға тізерлеп отырып, тамаққа  қолын созып:


– Бисмиллә! Алла сіздерге береке берсін, маған серік болыңыздар, – деп тамақ жеуді қайтадан қолқалайды екен. Сахабалар да оның бұл ісін ұнататын болған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу