Әңгімелер ✍️
Иманның дәмін қалай татуға болады?
Бір күні ардақты сахабалар Алланың Елшісінен (с.ғ.с.):
– Мүминдердің бірін хұшуғ (ықылас) халінде көрсек, енді біреуін хұшуғтан жұрдай екенін байқаймыз. Осы айырмашылықтың себебі неде? – деп сұрады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):
– Иманның шынайы дәмін татқан мүмин – нағыз хұшуғ иесі. Ал иманның дәмін татпаған мүмин хұшуғ иесі бола алмайды, – деп жауап берді. Сонда қадірлі сахабалар:
– Олай болса, иманның дәмін қалай татуға және оған қалай қол жеткізуге болады? – деді. Хазірет Пайғамбарымыз:
– Аллаға деген махаббатта шынайы болумен, – деді. Сахабалар тағы да:
– Олай болса Алланың махаббатына қалай қол жеткіземіз? – деді. Алла Елшісі (с.ғ.с.):
– Оған Алланың Елшісін жақсы көру арқылы қол жеткізесіңдер. Сондықтан сіздер Алланың және Оның Елшісінің разылығын Алла мен Елшісін жақсы көру арқылы іздеңіздер! – деді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter