03.11.2021
  287


Автор: Ғибратты әңгімелер

Шаңды дауылда жол табу

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) Муғауияның басшылығы кезінде көтеріліске шығуға шақырылған кезінде: «Жоқ, шықпаймын! Тек қана маған көретін екі көзі мен сөйлейтін тілі бар бір қылыш берсеңдер ғана шығамын. Ол кәпірді «мынау кәпір» десе, оны өлтірер едім, мұсылманды «мынау мұсылман» десе, одан қылышымды тартар едім» дейді. Сосын сөзін әрі қарай жалғап:



– Біз бен сендер, үлкен аппақ жолдың үстінде кетіп бара жатқан мынадай бір қауымға ұқсаймыз. Олар осылай кетіп бара жатқанда, шаңды дауыл соғып, жолдан адасады да, жолдарын таба алмай қалады.


 


Олардың бір тобы: «Жол оң жақта» деп оңға кетеді. Сөйтіп, адасып, таппайды.


 


Екінші бір топ «Жол сол жақта» деп солға қарай кетті. Сөйтіп, олар да адасып, жолды таппайды.


 


Ендігі бір тобы сол орындарында аялдайды. Жел тоқтап, жол ашылғанға дейін тежеледі. Сапарларын сосын барып жалғастырады» – деп түсіндіреді.



Сөйтіп Сағд ибн Әбу Уаққас және онымен бірге болған бір топ кісі оңашалықты таңдап, бүліктен жырақ қалған екен. Халықпен тек қана бүліктен кейін араласады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу