Өлеңдер ✍️

  02.11.2021
  1963


Автор: Жібек Ысқақова

Әкешім: 60 жас мерейтойға әкеме туған күнге тілек

Асқар таудай әкешім асқаралы,
Тірегіміз өзіңіз, жүрегіміз.
Құтты болсын әкешім алпыс жасың,
Аман болшы айтатын тілегіміз.

«Алпыс тал түс» дегендей әкетайым,
Алпыс жасың құтты болсын жоқ боп уайым.
Ортамызда күліп-ойнап жүре берші,
Қуанышта, шаттықта сен әрдайым!

Немерелер ортасында шөбере сүй,
Көктемдейін құлпырып, жайнап жаның.
Тілейміз біз әкешім көңілді күй,
Шуақты да, шырайлы атар таңын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу