Өлеңдер ✍️

  01.11.2021
  379


Автор: Әкім Ысқақ

Сені ойладым

Ұясына қимастан күн батқанда,
Тылсым сыр боп түндерің тіл қатқанда.
Санам сансыз жұлдызбен сырласқанда,
Сені ойладым.

Арайланып ататын таң нұрында,
Әр тамшысы сыр бүккен жаңбырында.
Ерекше орын алатын тағдырымда,
Сені ойладым.

Болса дағы жабыққан жаным қырау,
Асқақтаған әуелеп, ар- үнім ау.
Қараңғыны серпитін жарығым-ау,
Сені ойладым.

Тірлік жолы қым-қиғаш, әрі ұзын ғой,
Өмір – өзің. Адамдық парызың ғой.
Бойға қуат, жүрекке әр ізің – ой,
Сені ойладым!

Өткізгенмін өзіңсіз талай түнді,
Бүгін міне тағы да жаңа ай туды!
Бар әлемге жан сырым тағы айтылды,
Сені ойладым!

Армандадым,
Ақ жүзіңді аңсаумен!
Сені ойладым,
Сені ойладым, жан сәулем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу