Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.11.2021
1218
Бір физиктің махаббаты
(Әзіл өлең)
Айым, саған телескоппен қарадым,
Найзағайдай жарқ еткен жанарың,
Жүрегіме милиампердей тоқ беріп,
«Броундық қозғалысты» өткеріп,
Күйіп-жанамын.
Өң бойымда молекулалар соғысы,
Әйтеуір, тынышсызданамын.
Вакумдағы ойларымның есебін,
Таба алмастан еш емін,
«Изохоралық процесті» кешемін.
Заряд едің, сәулем, қандай таңбалы,
Неге сенің көңіл-лампаң жанбады?
Айтсаң айтшы,
Жүрсең егер жаратпай,
Болмайықшы аттас зарядтай.
Физиканың заңдарына бағынып,
Жарықтардай толық шағылып,
Түрленемін Ньютон тапқан жолақтай.
Жарықтардың интерференциясы сияқты,
Қосыла алам ба деп, қоям сұрақты.
Естимісің,
Жүрегімнің ультрадыбысын?
Жаным, бұл қай тұрысың?!
Берші маған энергияны, қуатты.
Күнім, түсін,
«Больцман тұрақтысындай»,
Махаббатым тұрақты!
1980 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter