Өлеңдер ✍️

  30.10.2021
  4829


Автор: Жібек Ысқақова

Інім туған күніңмен: 30 жас мерей тойға тілек

Жан бауырым орда бұзар жасқа келдің,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Жаңа жасың жақсылығын сыйласын тек,
Сәтті болып, тәтті болып әрбір күнің.

Армандарың орындалсын алға қойған,
Тілекшімін бауырым мен өзіңе.
Балбұл жансын өмірің қуандырып,
Әр күніңнен шаттықты нұр сезіле.

Отыз жастың сезіне бер балдай дәмін,
Жарқырап бұл жайнаңдап жаздай жаның.
Бұл жаныңды тербейтін әуенімен,
Гүл бағыңда сайрасын бұлбұл әнің.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу