Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.10.2021
2817
30 жас сіңілім туған күніңмен
Аппақ жүзің жадырап баурап алар,
Жан сіңілім құтты болсын туған күнің.
Отыз жасың өміріңе еніп отыр,
Қуандырып, шаттандырып жаным бүгін.
Отыз жасың сыйласын арайлы таң,
Шуақ шашып өміріңе сән беретін.
Бар жақсыны сыйлай берсін отыз жасың,
Көңіліңе жайма шуақ, әр беретін.
Сіңілімсің баға жетпес байлығымсың,
Жарық берер жаныма Ай, Күнімсің.
Жастан жасқа амандықта жете бергін,
Амандықта сәтті болып ай, күнің шын.
30 жасың құтты болсын сіңілім туған күніңмен 30 жас 30 жасқа тілек мерейтойға тілек мерейтой отыз жас сіңіліме тілек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter