Өлеңдер ✍️

  24.10.2021
  2256


Автор: Жібек Ысқақова

37 жас, құрбыма тілек

Ашық-жарқын мінезі бар баурап алар,
Бар адамның шынайы көңілін табар.
Құрбы жаным отыз жеті жасқа толды,
Үшінші мүшел жүректен орын алар.

Құтты болсын жан құрбым бұл мерекең,
Үшінші мүшел жасыңмен бірге келген.
Жаңа жасың бақытқа жетелесін,
Сәттілігін сыйлап саған әрбір жерден.

Үшінші мүшел — армандарың орындалсын,
Үшінші мүшел — құрбыжан бағың жансын.
Алла өзі жар болып құрбыжан-ау,
Шаттық ойнап жүзіңнен орын алсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу