Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.10.2021
3771

Ұлым, 30-жасың құтты болсын!
Отыз жаста есіктен еніп жатыр,
Құтты болсын ұлым-ау туған күнің.
Орда бұзар жасқа да аяқ бастың,
Қуанатын, шаттанатын күнің бүгін.
Орындалсын жан балам армандарың,
Күлім қағып өзіңе атар таңың.
Бар жақсыны тілейді анаң саған,
«Оңды болсын» - деп ұлым қадамдарың.
Жан дүниеңде тыныштық орнасын тек,
«Қиындықтар жан балам болмасын» — деп,
Тілейді саған ұлым-ау бұл Анашың,
«Жаратқан ием бір Алла қолдасын» — деп
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇