Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.10.2021
159
ОРЫНДЫҚ ӘПКЕМЕ
«Аялап бізді өсірген,
Қанатың, апа, талды ма.
Таба алмай үйдің төрінен,
Жылаймыз келіп алдыңа.
Ұшқансың кезіп сан қырды,
Жем іздеп балапаныңа.
Ерлерге берер тағдырды,
Сызыпты алақаныңа.
Дүйім бір елді жиып ап,
Жүруші ең бәрін бауыр қып.
Көтердің жалғыз қолыңмен,
Арқаңды әбден жауыр қып.
Тапсын деп орнын өмірден,
Өзіңді отқа салыпсың.
Тәттісін бізге ұсынып,
Ащысын өзің алыпсың.
Айтатын әрбір сөзіңді,
Қайталап айтар жыр қылып.
Жатсаң да өлім аузында,
Кетіп ең елді күлдіріп.
Еңсеміз түсіп қайғыдан,
Шөгіліп жатыр құлап қыр.
Әзіліңе жұртың күлгенмен,
Жаназаңа келіп жылап тұр.
«Аялап бізді өсірген,
Қанатың, апа, талды ма.
Таба алмай үйдің төрінен,
Жылаймыз келіп алдыңа»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter