Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.10.2021
258
БИДАЙ ГҮЛ
Наурыздың есіп самалы,
Жыл құсы жетер әнімен.
Көк сүңгі басып даланы,
Бидай гүл жайнар сәнімен.
Жылулық тілеп жанымен,
Сарыға бояп жағаны.
Аумайды бидай дәнінен,
Ашылмай тұрған сабағы.
Гүлдерді құйған алтыннан,
Білмейсің санын шамасын.
Жұлдызды түнде қалқыған,
Құс жолын жерден табасың.
Қыр сайлар гүлдеп көктемде,
Күн көзін күтер таңымен.
Жұпары аңқып бөктерде,
Бидай гүл жайнар сәнімен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter