Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.10.2021
628
ӘКЕ
Әке, сенің
Еске алып бейнеңді,
Кидім бүгін
Қоңыр ескі жейдеңді.
Жіп өткізіп
Сабақтадым инемді,
Сәл қысқартып
Қадап шықтым түймеңді.
Алып денең
Алпамсадай мүсінің,
Бір көргеннен
Мысын басар кісінің.
Алып көйлек
Әлі де үлкен денеме,
Оң, терісін
Ұға алмадым ісімнің.
Сенсіз міне
Бос қалғандай үй де енді,
Абыржыман
Көрсетпеймін күйбеңді.
Белді бекем
Будым өзің демей жүр,
Сенен қалған
Сүйретпекпін күймеңді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter